Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі табылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты, оның жалпы салмағы 1183,10 грамды құрады. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды", — делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: Polisia.kz