Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды.
"Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды", — делінген хабарламада.
Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында
Сурет: Polisia.kz