Редакциямызға "Сіздің жаңалығыңыз" айдарына Семейдегі Қарағайлы ауданының тұрғындары жазып, өкпесін айтты.

Редакциямызға Қарағайлы ауданының тұрғыны "Назарбаев Зияткерлік мектебі" аялдамасы павильонының суретін жіберді. Айтуы бойынша аялдаманың жабындысын қыста қатты желмен жұлып кеткен. Содан бері ешкім оны жөндемеген.

"Қыс бойы, жаз бойы осылай тұрды. Жаңбырда қалдық. Жазда күннің астында шыжып отырдық. Алдымызда қыс мезгілі келе жатыр. Осы неге жөндемеске?", — делінген хабарламада.

Біздің тілшіміз бүгін сол аялдамаға барып, жағдайына көз жеткізді. Шынымен де аялдама павильонының жарты жабындысы жоқ.

Тұрғындарды басқа да мәселе толғандыратынын айтты.

"Мысалы, жаяу жүргіншілер жолында "зебраның" суреті кетіп қалды, оны жаңартқан жоқ. Арбат бойындағы орындықтар да тозып барады. Орнатылғанан бері сырланбаған. Жап-жақсы қоқыс тастайтын алаң жасап берген. Оның да құрылысын қыста қатты желмен жұлып кетті, содан бері ешкім жөндемеген", — дейді Қарайлы шағын ауданының тұрғындары.

Белгі болғандай, аялдаманың суретін әкімшілікке тұрғындар жіберді. Бірақ әлі жауап жоқ. Біздің редакция көтерлген мәселелер бойынша сұрақтарды жауапты бөлімге жолдайды.

Сурет: Қарағайлы ауданының тұрғындарынан