Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жеңілдетілген ипотекалық несиелеудің жаңа бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды LS.

Ол "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары мен тетіктері 2024 жылы белгілі болатынын атап өтті.

"Бізге жас отбасылар жолдың басында тұрғанын, бірақ баспанасы жоқтығын айтып жиі хабарласады. Бірақ олар мемлекеттік қызметші болып қызмет атқармайды, тіптен бюджеттік ұйымдарда да жұмыс істемейді. Сондықтан бұл санаттар бойынша кезекке де тұра алмайды. Жаңа бағдарламаны дәл осындай отбасыларға қамқорлық жасау мақсатында әзірлеуге ниеттіміз. Қаржы көзі нарықтан тартылатындықтан мөлшерлеме жоғары болады. Дегенмен, бағдарламаның мүмкіндіктері мен тетіктері келесі жылы нақты белгілі болады", — деді Ибрагимова.

Бұған дейін, Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев мегаполистер мен өңірлер үшін жекелеген пайыздық мөлшерлемелері бар қолжетімді ипотекалық бағдарламаларды енгізуді ұсынған болатын.