Қазақстан бойынша 2023 жылғы 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Синоптитер болжамынша, елімізде әлі де жаңбыр жауады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Кезең ішінде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді желмен қатар жаңбыр жауады. Бүкіл кезең шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Бүкіл кезең республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжануда. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 жылы күтіледі", — делінген хабарламада.