23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінді. Эпицентрі қаланың оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қырғызстанмен шекарада болған. Бірнеше минут бойы 5 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезіліп тұрды.
Мегаполис қауіпті аймақта тұрғаны бәрімізге аян, сондықтан мұндағы әр адам кез келген уақытта зілзалаға дайын болуы керек.
Алайда айтпай келген апат жұрттың көбі мұндайда не істеу керегін білмейтінін көрсетті.
Біз де басымыздан өткен жағдайды сөз етіп отырғанда қауіпсіздік ережесін бұзғанымызды түсіндік.
Енді сол кемшіліктерді талдап көрейік.
Алматы тұрғыны болмасаңыз да, білген артық етпейді. Оңтүстік астанаға бір-екі күнге жұмыспен келген қонақтар үшін жер сілкінісі тіпті қатты соққы болары сөзсіз.
Терезе мен самалдық ең қауіпті жерлер. Жер қатты қозғалғанда терезе шағылып, әйнек сынықтары жан-жаққа ұшады. Апат аса ауыр болмаса да, әйнек кіріп, жарақат алуыңыз мүмкін. Балкон үйге жапсара салған бөлік, сол себепті жерге түсіп кетуі ықтимал.
Дұрысы. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс, қауіпсіз жерге тұру керек. Мысалы:
— ішкі қабырға маңына,
— бұрышқа,
— есік жақтауының астына,
— бөрене астына,
— тіреуіш колонна қасына.
Ванна шойыннан жасалған болса, ішіне жатыңыз.
Барлық есікті ашып қойыңыз, бұл ғимараттан тез шығуға сеп болады, қажет кезде құтқарушылардың үйге не пәтерге кіруін жеңілдетеді.
Дұрысы. Дүмпу басылғанын ғимарат ішінде күткен жөн. Біршама тынышталған соң ғана далаға шығуға болады. Құтқарушылар әдетте сөмке сияқты бірдеңемен басты бүркеп, есікке қарай жүруге кеңес береді.
Жеделсатымен тез түсесіз, әрине. Алайда жарық кез келген уақытта сөніп қалуы мүмкін. Салдарынан кабина тоқтап қалуы не тіпті істен шығып, жерге құлдилауы, не болмаса есігі ашылмай қалуы ықтимал. Лифт шахтасы сорғы сияқты жұмыс істейтінін ескерсек, зілзала кезінде өрт шыға қалса, жеделсаты ең қауіпті орынға айналады.
Дұрысы. Жоғарғы қабаттан баспалдақтың сол жақ бөлігін (қабырғаға жақын) жағалай түсу керек.
№ 4 қате. Дабыл шабаданы болған жоқ
Көп адам телефонын ғана алып үлгерген. Дәрі-дермек, құжат, су, бәрі үйде қалды. Кейбірі тіпті мүлде керексіз заттарды алып алған.
Жер қатты сілкінсе, сұмдық болар еді.
Әр Алматы тұрғыны дабыл шабаданын дайындап қоюға тиіс. Бұған дейін мұны ерең қылмасаңыз, енді соны қамдайтын уақыт келді деп ойлаймыз.
Дұрысы. Шабаданды дайындап, оңай жерге қою керек. Ең ыңғайлысы — сыртқы есіктің қасы. Үйден шығып бара жатқанда сонымен басты бүркеп алуға да мүмкіндік бар. Басыңызға бірдеңе құласа, ол сізді сәл де болса қорғай алады.
Дабыл шабаданына не салу қажет:
Ысқырық алып қоюды ұмытпаңыз. Апаттың арыны қатты болса, үйінді астында қалған адам дауыстап көмек шақырады. Бір тәуліктен кейін күші кетеді. Сондықтан осындай кезде ысқырық көмектесетіні анық. Құтқарушылар да оның дыбысын жақсырақ естиді.
Ғимараттың қасында тұрған өте қауіпті. Ол құласа бірнеше метрдегінің бәрін жайпап өтеді. Сынған әйнек не үйдің бөліктері құлауы мүмкін.
Дұрысы. Қауіпсіз жерді бетке алу қажет. Яғни балалар ойнайтын алаң, футбол алаңы, бақ не мектеп аумағындағы ашық, жанында электр тарататын желілер жоқ жерге барыңыз. Ондай орындар картада бар.
Газ тарап, ұшқын пайда болса, арты жарылысқа не өртке айналуы мүмкін.
Дұрысы. Пәтерді токтан ажырату үшін ажыратқышты төмен түсіріңіз. Газды асүйден өшіресіз, ал жер үйде тұрсаңыз, сырттан сөндіру керек.
Дүмпу сезіле сала көп адам көлігіне мініп, қаладан аулақ кетуге асықты. Салдарынан көшелерде ұзын-сонар кептеліс болды.
Дұрысы. Мұндай жағдайда машина жүргізген қауіпті. Арнайы техника (құтқарушылар, жедел жәрдем) кептелісте қалып қойып, дер кезінде көмек бере алмауы мүмкін. Егер автомобиль қауіпсіз жерде тұрса, соның ішінде күткен жөн. Апат аймағында қалса, билік дайындаған арнайы орынға барыңыз.
Апат болғанда халық жиналатын орындар
Жанармай бекеті — жарылу қаупі бар нысан. Жер сілкінсе ең алдымен өрт шығатын орындардың қатарына кіреді. Ал онда отын қоры көп болса, қатты жарылыс болуы ықтимал.
Дұрысы. Мүмкіндігінше жанармай бекетінен алыс кетіңіз.
Соңғы ақпаратқа сүйенсек, 67 кісі дәрігер көмегіне жүгініпті, арасында 12 бала бар.
Бәрі апат кезінде сыртқа шығамыз деп мертіккен. бірнеше тұрғын терезеден не балконнан секірсе, біразы баспалдақтан құлапты.
Дұрысы. Сабыр сақтаңыз! Дүмпу басылғанын күтіп, жақын тұрған есікті табыңыз. Терезеден шығуға болады, бірақ ол үшін бірінші қабатта тұру керек
Ешқашан топ болып келе жатқандарға қарсы жүрмеңіз, бүгіліп, жерден бірдеңе алмауға тырысыңыз, әйтпесе аяқ астында қаласыз. Қолыңызды кеудеге жинап, киіміңізді түймелеп алыңыз, шарф тақпаңыз, бірдеңеге ілініп қалса, қиындыққа тап боласыз.
Тағы бір маңызды нәрсе: жалған ақпаратқа сенбеңіз. Мәліметті тексеріп, тек ресми ақпарат көздерінің жазғанын оқыңыз.