Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырым 1 автожол (шектеулі көрініс, боран)

1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін (барлық көлік үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек. — Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау к. — Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылды.