Қазақстанның халық артисі 88 жасқа қараған шағында дүние салды.
"Актердің шығармашылық шарықтауы осы театрдың сахнасында басталады. Б.Имаханов қазақ халқының ақын-әншілер, халықтың әнші-композиторлары бейнелерінің тұтас галереясын жасады. Алғашқы рольдерді "Беу, қыздар-ай", "Махаббат мұңы", "Ақан сері – Ақтоқты". Бұл актёрдің творчестволық жолын, бағыт-бағдарын ашқандай ролі болды. Аса сәтті шыққан Ақан бейнесі, актёрдің болашақта зор тұлғалар жасап, трагедиялық, психологиялық деңгейге шарықтауына үлкен баспалдақ болғаны даусыз. Абай, Асан Қайғы, Қобыланды және тағы басқа образдары Семей театрының ғана емес, жалпы қазақ театр өнерінің өркендеуіне қосқан, актёрдің аса елеулі табысы мен үлкен еңбегі екенін айтқанымыз жөн", — деп жазды театр ұжымы.
Бекен Имаханов 2014 жылы Павлодар қаласында өткен Ж.Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты Қазақстан аймақтық театрлары фестивалінде "Сахна ардагері" номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды.
Сурет: Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры