2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда "Отау" тұрғын үй бағдарламасы басталады. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы баспана бағасының өсуіне себеп бола ма, бұл туралы жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов LS-ке пікір білдірді.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес бастапқы жарна кемінде 20%-ды құрауы тиіс, сыйақы мөлшерлемесі 9%-ға тең (ЖЭС 9,2%-дан бастап), ал несие мерзімі – 19 жыл.
Алматы мен Астанада қарыздың ең жоғары сомасы – 30 млн теңгеге дейін, қалған өңірлерде – 18 млн теңгеге дейін. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы жылжымайтын мүлікті, оның ішінде қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша сатып алуға болады. Ал басқа елді мекендерде кез келген мүлікті сатып алуға болады.
Мүсіреповтің сөзінше, бұл бағдарлама уақытында шықты. Себебі, соңғы алты айда жылжымайтын мүлік нарығында қолжетімді ұсыныстардың болмауынан тоқырау байқалды.
Сарапшы атап өткендей, жаңа ипотекалық бағдарлама тұрғын үйдің шаршы метрінің құнына әсер етпеуі мүмкін. Спикердің айтуынша, "7-20-25" бағдарламасын іске қосу кезінде ескерілмген шектеулер бұл бағдарламада пысықталған.
Мүсіреповтың айтуынша, "Отау" халықтың қалың жігін қамтымайды, өйткені өтініш берушінің бес жыл ішінде өз баспанасы болмауы тиіс. Сондай-ақ, шотта кемінде 1 млн теңге сақталатын, кемінде 18 ай мерзімі бар Отбасы банкінде депозит болуы шарт. Өтініш берушілер 18 жастан 63 жасқа дейінгі қазақстандықтар болуы мүмкін. Алайда несиелердің жартысынан көбі 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Бұл ретте, егер тұрғын үйді Алматы мен Астанада сатып алу жоспарланса, онда осы қалада тіркелу міндетті.
Өтінімдер қабылданғаннан кейін қатысушыларға белгілі бір ұпайлар беріледі, соның есебінен осы ипотекалық кредитті алушылардың пулы жасалады.
"Осы шектеулердің барлығына, соның ішінде несие мөлшеріне байланысты тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалады, тіпті бағалар төмендеуі де мүмкін. Әрине, нарықта жандану күтілуде, әсіресе III және IV санаттағы тұрғын үй саласында (жайлылық-класс және эконом-класс) бағдарлама құнына байланысты есептелген", — деді Мүсірепов.