Фото: Гвардейск гарнизоны
Гвардейск гарнизонының 21450 әскерибөлімінде мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жиындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығы әскерлерін даярлаудың 2024 жылға арналған бағдарламасына сәйкес қараша айында өткен шара мемлекеттік құпияларды қорғау және құпия іс жүргізу бөлімшелерінің бірлесуімен жүзеге асырылды. Жиындардың негізгі мақсаты — кәсіби деңгейді арттыру мен құрылымды жетілдіру болса, сәйкесінше оны тексеру, орталықтың әдістемесін кеңейту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты бағытқа айналды.
«Мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын іске асыру осы саладағы мамандардың білім деңгейіне, іскерлігіне және олардың сапалы дайындығына тікелей байланысты. Осы ретте қызметкерлеріміз білімін дамыту жолында түрлі семинарларға қатысады. Аталған бүгінгі жиында да нормативтік құқықтық актілер талаптарындағы өзгерістерді, сондай-ақ МҚҚ ұйымдастырудағы бар проблемаларды және оларды шешу жолдары талқыланды. 1 жыл ішінде жеткен жетістік пен оқиғаларды сарапқа салып, алғы пікірлер ортағасалынды»,-дейді «Оңтүстік» өңірлік МҚҚ әскерлерінің бастығы, майор Сергей Бондаренко.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дамуы, әскер саны, жауынгерлік құрамы немесемөлшері, олардың даярлығы, сондай-ақ жедел жағдайлар туралы мәліметтер — барлығы құпия болып табылады. Оны жария еткен адам заңда белгіленген жазаға ілінбек. Технология мен ілім дамыған заманда мұндай ақпарат айналысы жылдам жүргізіледі. Ал, осы кезеңде мемлекеттік құпияларды қорғау және еліміздің қорғаныс қабілетін ұйымдастырудың маңызы айқындалмақ.