
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижеміз мынадай:
Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола:
Таеквондо WT – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола:
Бокс – 2 алтын, 1 күміс, 11 қола:
Нысана көздеу – 1 алтын, 4 күміс, 2 қола:
Садақ ату — 1 алтын, 2 күміс:
Күрес түрлері – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола:
Жүзу – 9 күміс, 10 қола:
Стенд ату – 2 күміс, 6 қола:
Үстел теннисі – 3 қола:
Көркем гимнастика – 3 қола:
Бадминтон – 2 қола:
Самбо – 2 қола:
Батуттағы гимнастика – 2 қола:
Семсерлесу – 1 қола:
Еске сала кетейік, 2023 жылы Беларусь Республикасының 10 қаласы қабылдаған II ТМД елдері ойындарында біздің спортшылар 7 алтын, 14 күміс, 32 қола еншілеген (жалпы есепте 5-орын).
Әзірге Қазақстан үшін алғашқы Тәуелсіздік мемлекеттік достастығы елдерінің ойыны табысты болып тұр. 2021 жылы Ресейдің Қазан қаласында Қазақстан 18 алтын, 35 күміс, 53 қола (барлығы 106) жүлденің арқасында 3-орын алған.
Айта кетейік, Әзірбайжандағы жарысқа елімізден 18 бағдарламада сынға түсу үшін 132 спортшы барды. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Александра Ле, сондай-ақ Данил Мусабаев, Альмира Қанат, Досбол Шәміл сынды жасөспірімдер санатында әлем және Азия чемпионатында жүлде алған отандастарымыз бар.
Ал додаға барлығы 13 елден 1600-ден астам спортшы жиналды. Олар 23 дисциплинада өзара жүлдеге таласты.