2024 жылғы 19 наурыздағы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, тізілім келесі мемлекеттік қызметтермен толықтырылған:

  • Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу.
  • Кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның шотына алынған мүлікке билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру.
  • Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.

Бұл мемлекеттік қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсетеді.

Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы кеңейтілгені туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Сурет: gov4c.kz