Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Түркістандық 4 жасар Айбардың қазасына қатысты тың дерекпен бөлісті.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Күллі Түркістан жұрты 3 күн іздеп, барша ел алаңдаған 4 жасар Айбардың денесі табылды.
1/12 екі кеш арасында ойнаймын деп көшеге шыққан бала ізі-қайым жоғалды. Ол әдетте үй маңынан ұзамайтын дейді анасы Әйгерім. Ойнаса да алысқа бармай көршінің баласымен ғана бір нүктеде отырып ойнайтын, қайда кетуі мүмкін деп алаңдайды. Сол кеште-ақ полицияға хабар берілді. Балақайдың туған-туыстары мен ауыл жұрты із кесіп шықты.
Түн өтіп, таң атқанымен Айбартай табылмады. Алаңдаған жұрт белгілі экстрасенс @kamransamedov89 шығып, жөн сұрайық деп шешеді.
Кямранға қанша хабарласқанымен байланыса алмаған жұрт маған шығып сөйлесіп беріңізші деп өтінеді. Бәрі менің қолымда тұрса қане