Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы, блогер Елшін Жанерке тағы да сәбилі болатынын айтып, көптен сүйінші сұрады. |
Ол әзірге нәрестенің ұл, қыз болатынын білмейтінін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz.
Сүйінші жаңалығымен блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Аллаға шүкір! Ақ тілегін жаңбырша жаудырып жатқан сіздерге Аллам сұрағандарыңызды үйіп-төгіп бере берсін!
Көбіңізді қызықтырған сұрақ — “ұл ма, қыз ба?” Расымызды айтсақ, өзіміз де білмейміз. Узист жазып берген хатты әлі ашпадық. Айдан астым уақыт өтті.
Гендер пати жасаймыз ба, жоқ па — оны Ерекең шешеді. Мейірімі түсіп, бір күні келісіп қалар. Ал құрбыларыма арнап “Құрсақ шашу” мерекесін міндетті түрде жасаймын, бұйырса. Сіз кім деп ойлайсыз?», — деп жазды ол.